“Өз анасын сабаған подполковник жұмыс істеп жүр”: Танымал заңгер Шымкент полициясын қатаң сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Өз анасын сабаған подполковник жұмыс істеп жүр”: Танымал заңгер Шымкент полициясын қатаң сынады

“Өз анасын сабаған подполковник жұмыс істеп жүр”: Танымал заңгер Шымкент полициясын қатаң сынады

Заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Шымкент полициясында анасын сабаған подполковник жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

  • 23 Шiлде
  • 44
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Біздің Шымкент полициясында Анасын ұрған “подполковник” жұмыс істеп жатыр!

Анасына қол көтерген полиция қызметкеріне судья жәй ғана “ескерту” беріпті…

Думан Таев мырза!

Өз туған анасын таяққа жығып, ұрып тастайтын және ауруханадан бір-ақ шығаратын тәртіп сақшысы ары қарай жұмысын жалғастыра бере ме? Сот шешімінде бұл полиция қызметкерінің өз ашуын тежей алмай туған анасын ұрып, тіпті денсаулығына қасақана зиян келтіргені экспертизамен дәлелденгені көрсетілген!

Министр Ержан Саденов мырза!

Бұл — Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың “Халыққа жақын Полиция” тұжырымдамасына қарсы іс-әрекет! Әлсіз әйелдерге деген зомбылық деп есептеймін!

Психикасы әлсіз, нәзікжанды әйелдермен жиі конфликтіге келетін, тіпті туған анасына қасақана қол көтеретіндер қалай полицияға қабылданған?

Анасына жаны ашымаған полиция қызметкері, Халыққа қайдан жаны ашысын?

Сол күні “102” қоңырауымен шақырылған тәртіп сақшыларына алғыс білдіремін!
“Өзіміздің әріптес қой” деп, істі “жылы” жауып қоймай, сотқа дейін жеткізген!

Журналистер қауымы, егер сот қаулысы керек болса, “Сот кабинетінен” танысып-көре аласыздар!”, — деп жазды ол.