“Ақ жаулықты аналарымыз аман болып, балаларының алдында болсын, аналар ұзақ өмір сүрсе, балалар да шаттықта болады”, – дейді Жүнісова.
Мерейдің әнін тыңдаған жұрт оның ерекше даусына тәнті болды. Тіпті, кейбіреулер көз жастарына ерік бергендерін жасырмады.
“Тәрбиелілігі, өнегелілігі, тектілігі бірден байқалады. Асылдың сынығы, Мақпал апайдың жемісі”, “Мерей даусы өте керемет, салмақты”, “Мақпал апай, Мерейдің әнін тыңдап көзімдегі жасым тоқтамады”, “Қандай даусы керемет”, “Мақпал апай, қызыңыздың даусы керемет. Басқа әндері бар ма? Қалай тыңдауға болады?”, “Анасы сияқты халықтың қызы болуына шын жүректен тілектеспін”, – дейді желі оқырмандары.