Анасынан аяусыз таяқ жеген төрт жасар Айлин оған қайта оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анасынан аяусыз таяқ жеген төрт жасар Айлин оған қайта оралды

Анасынан аяусыз таяқ жеген төрт жасар Айлин оған қайта оралды

Қыздың анасы Нұргүл Докуова ақпан айында ата-ана құқығынан шектеліп, Айлин әкесінің отбасына берілген. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша Докуова қыз шын мәнінде өзімен бірге тұрып жатқандықтан ата-ана құқығын қалпына келтіру үшін ювеналды сотқа өтініш түсірген. Ол осы уақытқа дейін баланы балабақшаға апарып-алып қайтып жүргенін, киім алып бергенін, балабақша ақысын төлегенін, қызын қыдыртатынын айтыпты. Әйелдің жағдайы жақсы: қаржылық жағдайы тәуір, жалақысы көп жұмысы, үш бөлмелі пәтері бар.

Айлиннің әкесінің жеке баспанасы жоқ, ағасының пәтерінде тұрады және жалақысы төмен болғандық?

  • 25 Мамыр 2017
  • 348
Фото - Caravan.kz


Айлиннің әкесінің жеке баспанасы жоқ, ағасының пәтерінде тұрады және жалақысы төмен болғандықтан қызды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті Айлин соңғы уақытта анасымен бірге тұра бастаған. Анасының шағымы бойынша болатын сот отырысының уақыты әлі нақтыланған жоқ.

Бұған дейін Айлиннің анасы сот отырысында жылап, күйеуін кінәлаған болатын.

Естеріңізде болса, Instagram әлеуметтік желісінде өз қызын аяусыз ұрып-соққан ананың видеосы пайда болған еді. Онда әйел жылап отырған қызын ұрып-соғып, балағат сөздер айтқан. Видео жазбасында «анасы бұрынғы күйеуін бопсалау үшін өз қызын ұрып жатыр» делінген. Кейіннен полиция әйелдің кім екенін анықтады. 1982 жылы туған Павлодар тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш оқиғадан кейін Айлин балалар үйіне орналыстырылды. Одан кейін анасы ел алдына шығып, істеген әрекеті үшін өкінетінін мәлімдеді.