"Анасынан кешіріп сұрап үлгерген": Қонақ үйдегі өрттен бір әулеттің 14 адамы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Анасынан кешіріп сұрап үлгерген": Қонақ үйдегі өрттен бір әулеттің 14 адамы қаза тапты

"Анасынан кешіріп сұрап үлгерген": Қонақ үйдегі өрттен бір әулеттің 14 адамы қаза тапты

Сонымен қатар қонақ үйде көптеген мектеп оқушыларының болғаны анықталды.

  • 23 Қаңтар
  • 9
Фото: aif.ru

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қаза тапқандарды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Түркияда тау шаңғысы курортында демалыста адамға лық толы ағаштан жасалған эко-отель толығымен өртеніп кетті. Өрттен қаза тапқандар саны 76. Демалушылардың көбі ұйықтап жатқан кезінде уланып қалған. Ал оянғандар от тұзағынан шығудың жолы жоқ екенін түсініп ажал құшқан. Зардап шеккендердің арасында балалар мен ересектер бар. Қайтыс болғандардың кім екенін анықтау жұмыстары әлі жалғасып жатыр, қазір 52 адамның кім екені анықталды.

Жан түршігерлік өрттен бүкіл отбасылар қаза тапты. Жыл бойы аңсаған демалыстарына келген демалушылар үшін бұл күн нағыз тозаққа айналды. Өрттен құтылуға тырысқан адамдар биік терезелерден секіріп кеткен. Ал бөлмелерінен шыға алмаған отбасыларды бір-бірін құшақтап жатқан жерінен мәйіттері табылған.

Ең қайғылы оқиғалардың бірі — бүкіл отбасының 14 мүшесі мерт болды. Зехра Сена Гюльтекин Turkish Airline әеукомпаниясының сату бөлімінде жұмыс істеген. Ол күйеуі, үш баласы және тоғыз туысымен курортқа демалуға келген. Олар қысқы каникул кезінде демалыс уақытын бірге өткізуге келген. Зехра өрт шыққан кезде анасына хабарласып, кешірім сұрап үлгерген.

Измирден келген Суйолчу отбасы өрт құрбандарының бірі. Оқу демалысын отбасы Карталкаяда өткізуге келген. Ұлы мен қызы қыс уақытын жақсы көргендіктен, балаларының өтініші бойынша келген. Өрт кезінде анасы мен қызы қаза тапты, әкесі мен ұлы құтылып үлгерді.

Қонақ үйде даяшы болып жұмыс істеген 25 жастағы Шеввал Шахин өрт кезінде әкесі Ердал Шахинге бейне қоңырау шалған. Сол сәтте төменге секіру туралы шешім қабылдады. Қыз тірі қалды, дегенмен алған жарақаттары тым ауыр. Шахин Болу университетінің оқу-зерттеу ауруханасының қарқынды терапия бөлімінде емделуде.

Сонымен қатар қонақ үйде көптеген мектеп оқушыларының болғаны анықталды.

Қонақ үйдегі өрттен аман қалған Мете Тунч Бодуроглу басынан кешіргенімен бөлісті. Ол балаларын аман алып қалу үшін қолынан келгенінің барын жасағанын айтты. Бірақ құтқара алмаған. Ол бөлмелерді бұзып, құтылу амалдарын жасаған кезді бір нәрестені тапқан. Оны көтеріп қашуға бет алғанда, кішкентай нәресте тұншығып қайтыс болды. Терезелерді сындыру қауіпті екенін ескеріп, бос бөлмеге кіріп, карнизге шыққан. Бір кезде әйелі мен қызы ұзақ ұстап тұра алмай, төменге құлап кеткен. Барлығы оның көз алдында болған. Олар алтыншы қабатта тұрған. Бір уақытта ұлының да күші кетіп, әрі қарай шыдай алмайтынын айтқан. Екеуі секіруге шешім қабылдаған. 14 жастағы ұлы әкесінің көз алдында басы жарылып қаза тапты. Тірі қалған отағасы көптеген дене жарақаттарын алып, қазір аруханада жатыр. Алайда оның денсаулығы түзеледі ме, жоқ па әлі белгісіз.

Соңғы деректер бойынша курорттағы қонақүйден шыққан өрттен 79 адам қайтыс болды. Түркия президенті қаза тапқандарды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысып, көзіне жас алды.