"Анасының көзінше жүрек тұсынан пышақ сұғып алған": Шерзаттың өліміндегі оқиғалар айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Анасының көзінше жүрек тұсынан пышақ сұғып алған": Шерзаттың өліміндегі оқиғалар айтылды

"Анасының көзінше жүрек тұсынан пышақ сұғып алған": Шерзаттың өліміндегі оқиғалар айтылды

Талдықорғанда басты сот талқылауы басталды.

  • 17 Сәуiр
  • 10
Фото: видеодан алынған

2024 жылдың 4 қазанға қараған түніндегі қанды оқиғаның қалай болғанын прокурор баяндап берді. Қазір 9 адам айыпталып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Прокурор актісі бойынша 3 қазан 23:22-де Дархан Аскентай масаң күйде Талғар қаласы, Менделеев көшесінде орналасқан «Қамажай» дүкеніне кірген. Ол дүкеннен 3 бөтелке «Кружка свежего» сырасын және 4 дана темекі алған. 

«Ол кәмелетке толмаған танысы Әскербекке қоңырау шалып, дүкенде көрсетілген нөмірге 1000 теңге аударсын деді. Ол аударып, Аскентайға түбіртекті жіберген. Аскентай оны Қаржаубай Нұрымовқа көрсетіп, қалған 1000 теңгені қолма-қол береді. Олар 530 теңгесін қайтарды. Аскентай дүкеннен шығып кетті. 23:30-да Шерзат дүкенге кіріп, телефон қарап отырған. 23:47-де Дархан Аскентай қайта келіп, Нұрымовтан телефонын қуаттағышқа қойып беруін сұрады. Қойғасын сыртта тұрады. Шерзат Аскентайды бақылап отырады. Аскентай телефонын алып, сырасын сыртта ішкен», – деп жазылған айыптау актісінде. 

23:52-де Шерзат Аскентай әкесі Қаржаубайды боқтады деп ойлап, оң жақ көзі тұсынан екі рет ұрған. Қаржаубай бұл уақытта ұлына ескерту жасап, Аскентайдың бетін жуады және одан кешірім де сұрайды. 

«Аскентай кешіріміне құлақ аспай, дүкенге Тоқтаубаев Нұрболды шақырады. Ол «Эйфория» деген жерде демалып жүрген. Аскентайдың сөзінен соң Ысқақ Думанмен дүкенге барады. Оны Қаржаубай түсініп, інісі Нұрғанат Ғайыпбаевты шақырады. Ол Аскентайлардан кешірім сұрап, мәселені ушықтырмауды сұрайды. Сөз арасында Нұрғанат Аскентай 1500 теңге төлемегенін айтып өтеді. Соны естіген Нұрбол құрдастарын жинап кетіп қалады. Бірақ көлікте отырған кезде Аскентай төлем жасағанын айтып, түбіртекті көрсетеді. Сол кезде Тоқтаубаев Нұрбол ашуланып, дүкенге қайтып барады», – деді прокурор. 

Олар Қаржаубай Нұрымовқа «төлемдерді көрсетсін» дейді. Соңғы болып Светлана К. төлем жасаған екен. Сол кезде Аскентай көзінше дүкенде көрсетілген нөмірге ақша аударады. 

«Аскентайдың әрекетіне Нұрымов ашуланып, дүкенде тұрған асүй пышағымен қорқытады. Ал Шерзат әкесін ажыратып, оны дүкенге кіргізіп жібереді. Сол кезде Аскентайдың басқа таныстары, яғни сотталушылар дүкенге жиналады. Белқожаевтың көлігінде Нұрбекова мен Жақсыгелді деген қыздар болған. Шерзат та қолдау көрсетсін деп үш досын шақырады», – деп мәлімдеді прокурор.

00:34-те дүкен алдында бір топ адам болған. Абзал Шынасыл Шерзаттың кәмелетке толмаған досы Махметті ұрады. Соны көріп, Шерзаттың екі досы Махметті алып, қашып кетеді. 

«Махметті ұрғанын көріп, Нұрымов пышақпен шыққан. Алайда Белғараев есікті теуіп, Қаржаубайды қайтып дүкенге кіргізіп жіберген. Одан соң аңшылық мылтықпен екі рет атқан. Біреуі қарама-қарсы үйге тиген, екіншісі «мясная лавка-ның» төменгі бұрышына тиген. Шынасыл Абзал Ғайыпбаев Нұрғанатқа және Шерзат Полатқа сабы қоңыр асүй пышағын тыққан. Анасы Бишембиева, әжесі Кадированың көзінше әдейі Шерзаттың сол жақ жүрегіне пышақ тыққан. Сол кезде жасөспірім асфальтқа отырып қалған», – делінген айыптау актісінде.

Аскентай, Тоқтаубаев, Ғалиахмет, Шынасыл, Сакиев бәрі жабылып, сыраның бөтелке сынығын Ғайыпбаевқа лақтырған, артынша оны ұрған. Одан кейін оған асүй пышақтарын сермеген, Тоқтаубаевтың пышағы тиіп, Нұрғанаттың күртешесін жыртып жіберген.

Ал Қаржаубай Нұрымовтың бетінен бөтелкемен ұрған. Одан кейін Тоқтаубаев Нұрымовты желкесінен ұрған. Әжесі Кадированы Шынасыл итеріп құлатқан. Ал анасын білегінен ұстап жібермей қойған. 

«Оқиға кезінде Шерзат «Нұрғанат аға, маған бірдеңе тығып алды» деген, сөйтсе сол жақ қолтық жағына пышақ сұғылған. Сол кезде Нұрғанат «скорая» деп айқайлайды. Шерзаттың анасы Бишембиева баласын құшақтап, арашаламақ болған кезде Шерзатты теуіп, бәкімен басына соққы жасаған, 12 колибрді аңшылық мылтықпен басынан ұрған. Ол анасының оң жақ қолына тиген. Содан соң мылтықтың сабымен Нұрғанатты ұрған. Шынасыл мен Сакиев 01:02-де қоңыр асүй пышағымен Нұрғанаттың жамбасына екі рет сұққан. Салдарынан ол есінен танып қалды», – делінген хабарламада. 

Соның арасында Нұрғанаттың 220 мың теңге тұратын телефонын да ұрлап кеткен. Ал Қаржаубай ұлы мен інісін көлікке салып, аудандық ауруханаға жеткізген. 

Кәмелетке толмаған Ысқақ «Три семерки» дүкенінің жанына келіп, Шынасылдың пышағын сүртіп, қылмысты жасырғысы келген. 4 қазанда да қылмысты полицияға хабарламаған. 

Одан бөлек, Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталғандар арасында бұған дейін сотты болғандар да бар екені белгілі болды.

Сотталушы Абзал Шынасыл 2002 жылы туған. Уақытша жұмыссыз, бойдақ. Бұрын сотталмаған. Сот отырысына толық дайын емес екенін айтты.

Айыпталушы Равиль Сәкиев 1998 жылы дүниеге келген, білімі – орта. Бұған дейін мейрамханада әкімші болып жұмыс істеген. Ол өзінің бойдақ екенін, ата-анасымен бірге тұрғанын айтты. 

«2021 жылы Талғар аудандық сотымен 381-бап бойынша сотты болғанмын. 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қазір соттылығым жойылған. Сот отырысына дайын емеспін. Өзімнің позициямды адвокатпен сөйлескен жоқпын», — деді Равиль Сәкиев.

2000 жылы туған Шыңғыс Белғожаев Алматы облыстық қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер болды. Бойдақ.

«Бұрын сотты болғанмын, соттылығым жойылған. 2015 жылы 106-бап бойынша бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», — деді Айдос Белғожаев.

Ол айыптау актісінің көшірмесін алғанын, сотқа дайын екенін мәлімдеді. 

1993 жылғы Дархан Әскентай уақытша жұмыссыз екенін айтты. Бойдақ. Ол бұрын тергеуге алынған. Сот отырысына дайын. 

Тағы бір айыпталушы 1998 жылғы Нұрқияс Ілиясов жұмыссыз екенін мәлімдеді. Бойдақ, ата-анасымен бірге тұрған. 2023 жылы 107-бап бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді, жазасы әлі өтелмеген. 

2000 жылғы Азамат Тоқтаубаев жеке кәсіппен айналысқан. Үйленген, бұрын соттылығы болған. 2024 жылы 7 жыл мерзімге орташа қауіпсіздігі мекемеде бас бастандығынан айырылды.

1996 жылғы Нұрбол Тоқтаубаев осыған дейін оператор болып істеген. Үйленген, бұрын сотты болмаған.

1998 жылғы Дидар Ғалиахмет жүргізуші болып жұмыс істеген. Үйленген, екі баласы бар. Бұрын істі болмаған.

2007 жылғы Думан Ысқақ 11-сынып оқушысы. Сот отырысына дайын екенін айтты.

Айта кету керек, осыған дейін Шерзат Полаттың соты алқабилердің қатысуынсыз өтетіні айтылды.