Анатолий Кельберг пен Фуат Мансуровтарды еске алуға арналған кеш - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анатолий  Кельберг пен Фуат Мансуровтарды еске алуға арналған кеш

Анатолий Кельберг пен Фуат Мансуровтарды еске алуға арналған кеш

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында атақты музыканттар - Анатолий Кельберг пен Фуат Мансуровтарды еске алуға арналған кеш болып өтті.

  • 27 Қаңтар 2011
  • 560
Фото - Caravan.kz

Концертте дирижер Ваг Папянның жетекшілігімен ҚР мемлекеттік академиялық симфония оркестрі, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы, еліміздің скрипкашысы Аида Аюпова мен пианист Жанар Сүлейманова өнер көрсетті. Олардың орындауында Е. Брусиловскийдің «Дударай» симфониялық күйі, В. А. Моцарттың «Реквиемі», А. Аренскийдің "Рябинин тақырыбына фантазия" туындысы, П. И. Чайковскийдің "№5 симфониясы" орындалды. Кешті танымал музыкатанушы Юрий Аравин жүргізді.

Естеріңізге сала кетсек, Анатолия Кельберг 2009 жылы жазда дүниеден озған еді, ал оның бірге оқыған курстасы Фуат Мансуров бір жылдан соң 2010 жылы қайтыс болған.

Екі дарынды адамды тағдыр соғыстан кейінгі 1946 жылы тоғыстырды. Олар Алматы консерваториясына оқуға түсіп, оны 1951 жылы бітіріп шығады. 10 жылдан соң Алматы мемлекеттік филармониясында Фуат Мансуров симфониялық оркестр ұйымдастырған кезде, ол өзінің бірге оқыған досын Анатолия Кельбергті шақырады. Музыкатанушылдардың айтуынша, екеуі бірге оркестрдің репертуарларын, жұмыс жоспарларын талқылайтын және олардың көзқарастары, өмірдегі ұстанымдары бір жерден шығатын. Екеуі де альпинизммен айналысып, алыста жүрсе де өмір бойы бірге дос болып өткен.


Анатолия Кельберг қызмет жолында 18 мыңнан аса дәріс оқыған.

Перейти к новостям спорта