Анатолий Храпатыйдың атымен Астанадағы көше және туған жеріндегі мектеп аталады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анатолий Храпатыйдың атымен Астанадағы көше және туған жеріндегі мектеп аталады

Анатолий Храпатыйдың атымен Астанадағы көше және туған жеріндегі мектеп аталады

Анатолий Храпатыйдың атымен Астанадағы көше және туған жеріндегі мектеп аталады. Бұл туралы бүгін Астанада ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйдың жеке құжаттарының көрмесіне арналған шарада мәлім болды.

  • 24 Қазан 2012
  • 394
Фото - Caravan.kz

«Біз осы мәселе бойынша облыс әкіміне және елорда әкіміне хат жазған болатынбыз. Анатолий Храпатый атындағы көше Астанада болады. Сонымен қатар Атбасардағы мектеп (Ақмола облысы) Анатолий Михайловичтің атымен аталатыны белгілі болды»,- деді Ұлттық мұрағаттың бас директоры Марат Әбсеметов.

Көрме барысында спортшының 70-тен астам сирек кездесетін мұрағаттық құжаттары қойылды. Осы шараға екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин де қатысты.

Айта кетейік, А. Храпатый Бейжің Олимпиадасына бірнеше күн қалғанда көлік апатынан мерт болған еді. Ол бес дүркін әлем чемпионы, төрт мәрте Еуропа чемпионы атанды және 1988 жылы Сеулде Олимпиада алтынына қол жеткізді. Ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алды. А. Храпатый 4 жыл бұрынғы Бейжіңдегі додаға ауыр атлетикадан қазақстандық құрама командасының жаттықтырушысы ретінде аттанбақ болған.

Соңғы жаңалықтар