Анатолий Смирнов Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшісі, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Анатолий Владимирович Смирнов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды".

"Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Ғазизұлы Ысқақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.