”Әндеріме қаламақы төленген жоқ”: Әнші Bayansulu-дың әндерінің авторы мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 481.54
  • 553.24
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Әндеріме қаламақы төленген жоқ”: Әнші Bayansulu-дың әндерінің авторы мәлімдеме жасады

”Әндеріме қаламақы төленген жоқ”: Әнші Bayansulu-дың әндерінің авторы мәлімдеме жасады

Желіде Bayansulu лақап атымен танымал әнші Баянсұлу Сағындықованың репертуарындағы бірнеше танымал әннің авторы композитор Қуат Әбіл өзіне тиесілі еңбектер үшін қаламақы төленбегенін айтып, көпшілікке үндеу жасады.

  • 30 Наурыз
  • 29
Видеодан скрин, https://www.instagram.com/bayansuuluu/ Коллаж - Caravan.kz

Бұл туралы композитор Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп Caravan.kz медиа порталы.

Композитордың айтуынша, ол әншінің “Ұмытсам да”, “Сондайы бар енді”, “Ауа райы”, “Күтемін” және “Lalala” атты бес әнін жазған. Алайда осы туындылары үшін тиісті төлем алмағанын жеткізді.

Қуат Әбілдің сөзінше, шығармашылық жолының басында әнші оған ақша маңызды емес екенін, ең бастысы – танымал болу екенін айтқан. Сол себепті композитор бар күшін салып, сапалы әндер жазып бергенін айтады. Бірақ уақыт өте келе оның еңбегі бағаланбай қалған.

Сондай-ақ композитор бұған дейін авторлық құқық мәселесіне байланысты әншінің YouTube платформасындағы бірнеше әнін өшірткенін және оларды орындауға уақытша тыйым салғанын да мәлімдеді. Кейін тараптар келісімге келіп, әндер қайта жүктелген.

Композитордың айтуынша, Bayansulu бұрынғы продюсерімен жұмысын тоқтатқаннан кейін жаңа командасымен бірге қайта хабарласқан. Алайда ол өзіне тиесілі қаламақыны талап еткен кезде, керісінше сотқа шақырту алғанын айтады.

Видеоүндеуінде Қуат Әбіл өзінің бес баласы бар екенін айтып, қиын кезде көмектескенін, бірақ кейін қарым-қатынастың өзгергеніне қынжылыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Bayansulu продюсері Әлішер Бурхановпен жұмысын тоқтатқанын хабарлаған болатын. Ол “Ауа райы”, “Сондайы бар енді”, “Ұмытсам да” сияқты әндері арқылы көпшілікке танылған.

Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты әншінің нақты ресми жауабы жарияланған жоқ.