Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір қаладағы базарлар, мектептер, көлік және денсаулық сақтау мекемелері қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Қалада шеру немесе митингілер өткізіліп жатқан жоқ.
Өзбекстан арнаулы күштерінің шұғыл қимылының арқасында «бір топ исламшылар» ұсталды. Қазір қалада 13-мамыр күні түнде болған оқиғаларды тексеру басталды.