«Андрей бауырым, руың кім?»: Руын айтқан әскери киімдегі орыс жігіті желіні жарды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Андрей бауырым, руың кім?»: Руын айтқан әскери киімдегі орыс жігіті желіні жарды (ВИДЕО)

«Андрей бауырым, руың кім?»: Руын айтқан әскери киімдегі орыс жігіті желіні жарды (ВИДЕО)

Желіде қазақ әскеріндегі орыс сарбазының видеосы тарады.

  • 7 Сәуiр 2023
  • 37
Фото - Caravan.kz

Онда жас жігіттің таза қазақ тілінде сөйлеген сәтін анық көруге болады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Аталған видео желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Онда:

«Андрей бауырым, сен менің арқамды жұлдыз болдың ғой? Білесің бе? Жоқ білмедім», — деп жауап береді ол.

Одан кейін видеода сарбаздар контент түсіріп жатқандарын айтады.

«Контент түсіріп жатырмыз. Контенттің қазақшасы не? Руың кім» деп сұрайды.

Ұлты орыс сарбаз: «Ру – ский» деп жауап береді.

Желі қолданушылары сарбаздың таза қазақша жауап бергеніне риза болған. Олар:


«Жарайсың, қазақ бауырларға үлгі болсын», «Осындай басқа ұлттарға риза боламыз да, өзіміз ұяттан кірерге тесік таппаймыз, шала қазақтар үйренсін» деп жазды олар.