Андрей Кравченко Бас прокурордың орынбасары қызметіне тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Андрей Кравченко Бас прокурордың орынбасары қызметіне тағайындалды

Андрей Кравченко Бас прокурордың орынбасары қызметіне тағайындалды

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев прокуратура ұжымына өзінің жаңа орынбасары, бұрын Бас прокуратура департаментінің бастығы қызметін атқарған Андрей Кравченконы таныстырды.

  • 14 Маусым 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

Бас Прокурор жаңа орынбасарының жұмыстағы тәжірибесі мен кәсіби деңгейін жоғары бағалап, жаңа қызметте Мемлекет басшысының елдегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде прокуратураның алдына қойған міндеттерін жүзеге асыруға, прокуратура органдарының келешектегі қалыптасуы мен нығаюына өзінің үлкен үлесін қосатынына сенім білдірді.

Андрей Кравченко прокурорлық қызметті 1994 жылдан Талдықорған облысы прокуратурасынан бастап, бөлім аға прокуроры, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

1997 жылы Бас прокуратураға шақырылып, бөлім аға прокуроры, бөлім бастығы, мемлекеттік органдардың қызметін қадағалау Департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2001 жылдан бері әлеуметтік — экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментін басқарып келген. 3 дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.

Соңғы жаңалықтар