"Аңды да бұлай азаптамайды ғой": Роза Әлқожа марқұм Шерзат Болаттың отбасы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аңды да бұлай азаптамайды ғой": Роза Әлқожа марқұм Шерзат Болаттың отбасы туралы

"Аңды да бұлай азаптамайды ғой": Роза Әлқожа марқұм Шерзат Болаттың отбасы туралы

Эстрада жұлдызы Роза Әлқожа Талғар қаласында төбелес кезінде қайтыс болған Шерзат Болаттың отбасындағы трагедияға қатысты пікір білдірді.

  • 12 Желтоқсан
  • 479
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші Талғардағы оқиғадан кейін өзінің бойын үрей билегенін айтты.


Адам сенбес, ой жетпес оқиға!.. Тіпті, айтуға сөз жоқ сияқты?! Біз баламызға батыр бол, өжет бол, қайсар бол деп тәрбиелеп жүрміз. Ал, мына оқиғалардан соң озбырлардан қаш, құқығыңды қайтесің, қара басың аман болсын дейтін халге келдік!.. Өкінішті. Заң қайда, закон қайда? XXI ғасыр сияқты еді ғой, қай заманға түсіп кеттік??? Ана ретінде, осы қоғамның мүшесі ретінде бізді қазір үрей билеп тұр. Ары қарай не болады деген?! Осылай өле бере ме? Не үшін өліп жатыр айтпақшы? Сол бір бөтелке сыра үшін бе бәрі??? Кімнің кім екенін құдай шешер. Бірақ, бір отбасы қырылып жатқанда қарап отыру надандық сияқты?! Әй, аңды да бұлай азаптамайды ғой???», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер адамдары арасынан алғашқылардың бірі болып әділдікке жету жолында үндеу жасағаны үшін Роза Әлқожаға алғыс білдіруде.

«Айналайын Роза, өнер адамдарының ішінен бірінші болып өзің жаздың. Алланың нұры жаусын, қазақ аналары жылап жатырмыз», «Әйтеуір үлкен аудиториясы бар әншілерден біреу жазды ғой», «Роза әпке, шырылдап осыны айтып жатқан сізге Алла разы болсын. Әйтпесе қалған әншілер бұғып жатыр ғой», «Қазақтың сіздей қыздары барына шүкір», — деп жазды желі қолданушылары.