Әнел Бекбосынова бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Қазақстан чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнел Бекбосынова бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Қазақстан чемпионы атанды

Әнел Бекбосынова бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Қазақстан чемпионы атанды

Алматыда 3-5 ақпан күндері әйелдер арасындағы бильярдтың "Еркін пирамида" түрінен Қазақстан чемпионаты өтті.

  • 6 Ақпан 2012
  • 494
Фото - Caravan.kz

Онда ақтық сында астаналық Ақерке Ушаковадан басым түскен алматылық Әнел Бекбосынова жеңімпаз атанды. Ал алматылық Тоқжан Бабаева мен астаналық Дария Лигай 3-4 орынды бөлісті.

Ширек финалға дейін сәтті өнер көрсеткен алматылық Жұлдыз Жанәбілова мен Марина Белоусова, талғарлық Бағдат Сәрсекова мен қостанайлық Кристина Карпова үздік сегіздіктің қатарына енді. Ал алматылық Алуа Сүлейменова, павлодарлық Мария Дрананова мен Кристина Карпович, алматылық Мәдина Өтегенова, қостанайлық Айсұлу Тышқанова мен қызылордалық Салтанат Маханова 9-14 орынды бөлісті. Бұл жарыстың алдында ғана бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен өткен Қазақстан чемпионатында Ақерке ел чемпионы, Салтанат күміс, ал Жұлдыз қола жүлдегер атанған еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера