Британдықтың пікірінше, Мессимен тек Пеле теңесе алады, ал Криштиану Роналду мен Диего Марадона Лионельге жетпейді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Тарихтағы ең үздік ойыншы кім екені туралы пікірталастар әрқашан болады. Бірақ Месси қазіргі буын туралы барлық пікірталасқа нүкте қойды, өйткені ол бәрін жеңіп алды.
Бұған дейін әлем чемпионатында қиындықтар болды, сәйкесінше одан сұрақтар туды. Дегенмен, оның қолынан келді. Мен Месси сияқты ойыншыны көрген емеспін. Мен оны барлық уақыттағы ең ұлы ойыншы деп санаймын. Леомен тек Пеле теңесе алады. Месси Роналду мен Марадонаны басып озды", — деп бөлісті Коул.
Еске салайық, 2022 жылы Месси Аргентина құрамында әлем чемпионы атанды.