Аңсарымыз Аңсағанға ауды! - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аңсарымыз Аңсағанға ауды!

Аңсарымыз Аңсағанға ауды!

«Мамам мені өлтіретін шығар».  Ғаламторға салған осы суреті арқылы әлемге танымал болған талант иесі бүгін Астанада жеке көрмесін өткізді. Қазақтың санаулы иллюстраторларының бірі Аңсаған Мұстафа әр туындысын сөйлете білген шебер. 

  • 15 Қазан 2014
  • 1932
Фото - Caravan.kz

Озық ойлы дарын иесі көрмеге 50-ге тарта туындысын қойған.

Еңбектерін интернеттегі жеке парақшасына салған бойда, ол жұрттың қызығушылығын тудырыпты.

Сондықтан ба, бүгінгі көрмені арнайы іздеп келгендердің қарасы  көп. Әке-шешесін тірідей тастап кетіп жатқандарды "Қарттар үйі" картинасында бейнелеуге тырысқан.

Сондай-ақ, отбасылық қарым-қатынас, алданған қыздар, араққа салынған аналар, жанұясынан безген әке жалпы қоғамның ащы шындығын қара бояумен жеткізіпті. Ал Аңсаған Мұстафаның  атын шығарған мына сурет. Құрсағындағы сәбиін алдыртуға қорқып «Мамам мені өлтіретін шығар» деген қыздың бүріскен келбеті адамды ойлантпай қоймайды. Cуреттің өзі қазір жарты әлемге танымал. Ондаған тілге аударылып, Жапония, Бразилия, Қытайдан хабарласып газетке жариялауға рұқсат сұрағандар болған.

Аңсаған Мұстафа, иллюстратор:

-Бұл сурет өз көзіммен көргенім, 8-10 тілге аударылып кетті. Түрікше, татарша, грузиндер өз тілдерінде талқылап жатқанын көрдім. Менің аты-жөнімді де, алып тастағанын көрдім. Жарайды, мен оған өкінбеймін. Бастысы, жастарға жетсе болды. 



Мақсат Ілиясұлы, Заңгер, Қазақ Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары:

"Көрмеде түйген негізгі ой, әлеуметтік желінің қазақ қоғамындағы әсерінің қарқынды дамып бара жатқандығы. Әлеуметтік желілер еріккеннің ермегі, қолы бостың ойыншығы емес, негізгі ақпарат таратушы, қоғамдық ойды қалыптастырушы ретінде қалыптасып келеді.Әлеуіметтік желі — ол әлеуметтік те, саяси да, ақпараттық да инструмент бола алады. Ол инструментті кім қалай пайдаланады?Егер ел ішін бүлдіруді, қоғамда алауыздық туғызуды, желіні пайдаланушыларды топ топқа бөліп, бір біріне айдап салушы топтар, блогерлер көп, әрі белсенді болса, одан қауіпті нәрсе жоқ.Ал егер қоғамды салауаттандырушы, рухани құндылықтарды дәріптеуші, ұлттық тұтастықты нығайтуды үндеуші топтар мен блогерлер көп, әрі белсенді болса, әрине тиімді дүние.Негізгі мәселе, қоғам, оны алға сүйреуші топтар, қоғам белсенділері әлеуметтік желіні қалай пайдаланады, қандай мақсатқа?Бұл туралы осы отырған бәріміз, тіпті билік басындағылар да аса мән беріп, ойлануы тиіс."

Әміржан Қосанов, тәуелсіз саясаткер:

"Өмірдегі өнердейін бар шамым,
Бағаланбай өтті талант қанша мың.
Көрмесем де сол көрмені, білемін
Көрермені көп болыпты АҢСАның!"

Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесі жақында Алматы қаласында өткізіледі деп жоспарлануда.