«Аңшы бала» картинасы «Киношок» ХХІ ашық халықаралық фестивальдің жүлдесіне ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Аңшы бала» картинасы «Киношок» ХХІ ашық халықаралық фестивальдің жүлдесіне ие болды

«Аңшы бала» картинасы «Киношок» ХХІ ашық халықаралық фестивальдің жүлдесіне ие болды

Анапада «Киношок» ХХІ ашық халықаралық фестивалі аяқталды. Бұл туралы Ресей Жаңалықтары хабарлады.

  • 24 Қыркүйек 2012
  • 556
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Аңшы бала» фильмі бірауыздан «КиноМалыШок» байқауының ең үздік картинасы аталды. Бұл байқаудың жеңімпазы арнайы «балалар» алқасымен таңдалды.

Фестивальдің бас жүлдесі өзбек режиссері Аюб Хахобиддиновтың «Аспандар -менің мекенім» (Parizod) фильміне берілді. Толық метражды фильмдер байқауына 14 картина қатысты, соның ішінде қазақстандық режиссер Жанна Исабаеваның «Талғат» лентасы бар.

ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің ең үздік режиссері болып «Қамқоршы» фильмін түсірген грузин Заза Урушадзе танылды. Фестивальдің «Ең үздік операторлық жұмысы үшін» жүлдесін Александр Симоновтың «Мен де қалаймын» картинасын түсірген оператор алды. Ең үздік актер «Тұманда» (режиссер Сергей Лозница) фильміне түскен Владимир Свирский атанды. Ең үздік актриса литвалық актриса Янина Лапинскайте танылды.

Қысқа метражды фильмдер байқауында бас жүлдені Мирослав Слабошпицкидің Чернобыльдегі өмір туралы түсірген «Ядролық қалдықтар» фильмі алды. Қысқа метражды фильмдер бағдарламасына барлығы 23 картина қатысты, олардың арасында қазақстандық режиссер Алмагүл Меңлібаеваның «Трансоксиандық түстер» фильмі бар.

«ТВ-Шок» бағдарламасындағы ең үздік телефильмдер ретінде ресейлік Юлия Краснованың «Жүзіктермен алмасыңдар», Андрей Красавиннің «Петрович», Дмитрий Тюриннің «Құдайдың өз жоспары бар» ленталары танылды.

Киноалманахтардың Omnibus арнайы бағдарламасында «Астра, мен сені сүйемін» жобасы алды. Ол — тоғыз қысқа новелладан тұратын, жоба демеушісі Opel Astra автомобиль маркасы әзірлеген жоба. Бұл байқауда Қазақстанды Егор Кончаловскийдің жетекшілігімен түсірілген қазақстандық кинематографистердің «Астана — менің жүрегімде» картинасы таныстырды.

ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің «Киношок» ХХІ ашық фестивалі Анапада 15-23 қыркүйек күндері аралығында өтті.

Перейти к новостям спорта