«Құрылтайдың қырым-татар диспорасы көп шоғырланған Түркияда өткізілуінің мақсаты — қырым -татар мәдениеті мен тілін сонда өмір сүретін диаспора арасында насихаттау. Жиынға Болгария, Румыния және басқа елдерден өкілдер келді», деп хабарлайды «Азаттық».
Құрылтайға 200-ден астам делегат қатысуда. Бұрынғы құрылтайларда жастар өзара араласып, танысып біліскен болса, бұл жолы қырым-татар жастарының барлығына ортақ жобалар жасап, оны жүзеге асыру мәселесі талқыланбақ.
Бүгін, жексенбіде аяқталатын жиынға Түркия парламентінен орын алып отырған кейбір саяси партия өкілдері де қатысады.