Анкарада ядролық лаңкестік әрекеттерімен күрес жөніндегі ғаламдық бастамаға қатысушы елдердің өкілдерінің екінші кездесуі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анкарада ядролық лаңкестік әрекеттерімен күрес жөніндегі ғаламдық бастамаға қатысушы елдердің өкілдерінің екінші кездесуі өтеді

Анкарада ядролық лаңкестік әрекеттерімен күрес жөніндегі ғаламдық бастамаға қатысушы елдердің өкілдерінің екінші кездесуі өтеді

АСТАНА. 12-ақпан. Kazakhstan Today. 12-13-ақпанда Анкарада ядролық лаңкестік әрекеттерімен күрес жөніндегі ғаламдық бастамаға қатысушы елдердің өкілдерінің екінші кездесуі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Ақпан 2007
  • 408
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада өткен дәстүрлі баспасөз мәслихатында СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың хабарлағанындай, отырысқа СІМ-нің орынбасары Нұрлан Ермекбаев басқарған Қазақстан өкілдері қатысады. Оның айтуынша, Н.Ермекбаев ядролық лаңкестік әрекеттерімен күрестегі халықаралық ынтымақтастықты күшейту туралы Қазақстан жағының ұстанымын таныстырады.

«Бұл бастаманы Ресей мен АҚШ президенттері «Үлкен сегіздіктің» саммиті қарсаңында 2006-жылдың шілде айында Санкт-Петербургте жария еткен. Қазақстан АҚШ , Ресей, Австралия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Қытай, Түркия, Франция және Жапониямен бірге бастама бойынша алғашқы серіктестердің бірі болып табылады», деді СІМ өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті