Анкараның бірқатар аудандары су астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анкараның бірқатар аудандары су астында қалды

Анкараның бірқатар аудандары су астында қалды

Түркия астанасы Анкара санаулы минуттардың ішінде судың астында қалды. Бұрын-соңды болмаған нөсерлі жауын мен бұршақтан қаланың бірқатар аудандарын су  басып кетті. 

  • 18 Маусым 2011
  • 360
Фото - Caravan.kz


Қаладағы жерасты өткелдерінің біразы суға толып, көптеген оған көліктер батып қалған. Ал олардың ішінде болған адамдарды құтқарушылар келіп,зорға шығарып алды. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ. Нөсерлі жауыннан кейін бірден бұршақ жауа бастаған. Оның үлкен болғаны соншалық, дүкендер мен үйлердің терезелерін шағып  кеткен. Кесек-кесек мұздан жарақат алып, тіпті аяқ-қолдары сынған бірқатар тұрғындар ауруханаларға түсті. Орын алған жағдайға байланысты Анкарада бірнеше сағатқа қозғалыс тоқтап қалды. 

Соңғы жаңалықтар