Анна Данилина Бразилияда топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анна Данилина Бразилияда топ жарды

Анна Данилина Бразилияда топ жарды

Бразилия мемлекетінде өткен халықаралық ITF Junior жарысында қазақстандық Анна Данилина қос сайыста жеңіске жетті.

  • 19 Наурыз 2012
  • 427
Фото - Caravan.kz

Ақтық сында 17 жасар жерлесіміз тартысты үш сетте 6:4, 4:6, 6:3 есебімен Швеция елінен келген Эллен Алгуриннен мерейін асырды.

Одан бұрын жартылай финалда турнирдің 9-шы ракеткасы Анна американдық Шалина Шолды екі сетте 6:3,7:5 ұпайымен айласын асырса, бәсекенің ¼ финалында украиналық Марианна Закарлюкті жеңді. Есеп-6:4, 0:6, 6:4.

Халықаралық рейтингінің көрсеткіші бойынша,жерлесіміз дүбірлі жарысты екінші кезеңнен бастаған болатын. Турнирдің екінші айналымында қазақстандық жас спортшы АҚШ-тың теннисшісі Катрин Изабель Стефенсонмен жолы түйісті. Оны жерлесіміз екі сетте 6:4, 6:2 есебімен оңай жеңді. Үшінші айналымда біздің теннисші аргентиналық Виктория Боскаға қарсы алаңға шығып, оны да екі сетте 6:2,6:2 ұпайымен қапы қалдырды.

Сондай-ақ, ол жұптасып өнер көрсету сайысында Польша елінің өкілі Зузанна Мациевскамен бірге топ жарды. Финалдық кездесуде Данилина/Мациевска жұбы Ферни Анжелес Пас(Перу)/Катрин Изабель Стеффенсен (АҚШ) одағын екі сетте 6:1, 6:2 ұпайымен ұтты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера