Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина – қытайлық Сюй Ифань жартылай финалда жапониялықтар Эри Ходзуми – Макото Ниномиямен кездесті.
Қазақстандық-қытайлық жұп қарсыластарын 6:4, 6:4 есебімен жеңіп кетті.
Енді олар финалда титул үшін ресейлік жұп Ирина Хромачева мен Яна Сизиковамен таласады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Лиондағы (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған едік.