Анненский кенішінде болған жарылыстың салдарынан 3 адам зардап шекті
Анненский кенішінде болған жарылыстың салдарынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен. |
11 шілде күні Қарағанды облысындағы Анненский кенішіндегі «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің диспетчерінен төтенше оқиғаның орын алғаны туралы хабар келіп түскен. Диспетчердің хабарлауынша, ТОРО шөмішімен қопарғыш заттарды тасымалдау кезінде жарылыс болып, оқиға салдарынан қопарғыш маман, ТОРО жүргізушісі және тәжірибеден өтіп жүрген жас маман күйік жарақатын алған. Олар Сәтбаев қаласындағы ауруханаға жеткізілген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін