11 шілде күні Қарағанды облысындағы Анненский кенішіндегі «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің диспетчерінен төтенше оқиғаның орын алғаны туралы хабар келіп түскен. Диспетчердің хабарлауынша, ТОРО шөмішімен қопарғыш заттарды тасымалдау кезінде жарылыс болып, оқиға салдарынан қопарғыш маман, ТОРО жүргізушісі және тәжірибеден өтіп жүрген жас маман күйік жарақатын алған. Олар Сәтбаев қаласындағы ауруханаға жеткізілген.