Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды
Өнер иесінің айтуынша, костюмы аукцион арқылы сатылған.
"Костюмымды тікелей эфирде аукционда ойнатып жатырмыз. Сүйікті костюмымды сатып жатырмын", — деді ол әлеуметтік желіде.
Алайда әнші түскен ақша қайырымдылыққа жұмсалатынын жеткізді.
"Сау бол сүйікті костюмым. 1 415 000 теңге жинап, костюм кетті. Түскен ақша Қадырбаев бастаған қайырымдылыққа, Нұрали ініміздің еміне жұмсалады", — дейді ол.