– Асхат болашақ жарыңызбен қалай және қайда таныстыңыздар?
– Мен Әлиямен тойда таныстым. Таныс жігіттің туысының тойына барғанбыз. Әрине мен ән айтуға шақыртылған едім. Әлия сонда қонаққа келіпті. Содан сол жерде таныстық. Сол таныстығымыз достыққа, достықтан махаббатқа ұласты.
– Қалыңдығыңыз өнер адамы ма?
– Жоқ, оның мамандығы мүлде бөлек. Қазірше жұмыс істемейді. ЖОО былтыр ғана бітірген. Алдағы уақытта жұмыс істеймін деп жатса еш қарсылығым жоқ.
– Әлия қай қаланың қызы?
– Әлия Алматы облысының тумасы. Қазіргі күні ата-анасымен осы Алматы қаласында тұрады. Негізі, аталары Ақтөбе облысының адамдары. Жарты ғасыр бұрын оңтүстікке көшіп кеткен.
– Той қай күні және қай қалада болады?
– Тойды осы Алматыда жасайтын болдық. 12 сәуір күні болады.
– Жақсы, бақытты болыңыздар.