Әнші Дастан Оразбеков: Қыздардың шоу-бизнеске төсек арқылы келетіні өтірік емес - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші Дастан Оразбеков: Қыздардың шоу-бизнеске төсек арқылы келетіні өтірік емес

Әнші Дастан Оразбеков: Қыздардың шоу-бизнеске төсек арқылы келетіні өтірік емес

Шоу-бизнеске әнші мен актриса қыздар жоғарыда отырған таныстары немесе ақша арқылы, тіпті төсек қатынасы арқылы келеді деген болжам бар. Бұл туралы өнер адамдарының ойы қандай?

  • 18 Ақпан 2019
  • 235
Фото - Caravan.kz

Әнші мен актирасалар “Шоу-бизнес әлеміне қыздар төсек қатынасы арқылы келе ме?” деген сұраққа жауап берді. Бірі мақұлдаса, бірі кері пікір айтты. Бұл туралы “Ел аузында” айтылды.

“Менің жеке өзіме мұндай ұсыныс түспеген. Бірақ кей жағдайлар төсек арқылы шешіліп жатады деп естимін. Ал, мен өтіп жүрген кастингтер адал түрде өтеді. Нақты бұл жағдай бар не жоқ деп айа алмаймын”, – дейді әнші Ақерке Бүркітбай.

Ал, Дастан Оразбеков мұны жоққа шығару мүмкін емес деген пікір айтты.

“Әрине, шоу-бизнесте мұны жоқ деп айтуға болмайды. Ондай болады. Бірақ бәрі емес шығар. Әр режиссер әр түрлі жұмыс істейді. Кейбірі төсек арқылы таңдайды, кейбірі басқа жолмен таңдайды дегендей. Оны әңгіме қылып айтудың да керегі жоқ”, – дейді Дастан Оразбеков.

“Мұндай жайт 100 пайыздың 5 пайызында кездесетін шығар. Бірақ оңай жолмен өнерге келгендердің жолы да аз болады. Бүгін бар, ертең жоқ актрисалар шығар”, – дейді актриса Гүлнәз Жоланова.


Бұл ойды Серік Ибрагимов те қостады. Айтуынша, халыққа өнерің өтпесе, қандай жолмен келсең де тұрақтай алмайсың.

Соңғы жаңалықтар