Әнші екенмін деп тек ән айтуға болмайды - Мөлдір Мұқан - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші екенмін деп тек ән айтуға болмайды - Мөлдір Мұқан

Әнші екенмін деп тек ән айтуға болмайды - Мөлдір Мұқан

Әнші Мөлдір Мұқан кез келген адам заман талабына сай жан-жақты болу керегін айтты.

  • 3 Сәуiр
  • 10
Фото: https://www.instagram.com/moldir.mt/

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі “bugin live” бағдарламасына берген сұхбатында қыздарына айтатын ақыл-кеңесімен бөлісті.

“Қыздарыма өз өздеріңе сеніңдер деп үйретемін. Қазіргі дамыған заманға сай адам үнемі даму үстінде болу керек. Адам мен әнші екенмін деп тек ән айтуға, немесе журналиспін деп осы маңайда жүре беруге болмайды. Қазір өте жан-жақты болуды талап ететін уақыт. Сондықтан әнші болсаң, желіге өзің жүкте, оның таралуына еңбек ет. Сырттан адам іздеп керек емес. Бір адам 5-6 мамандықты алып жүруге болады. Жағдай жасалған, барлығы бар өте әдемі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Балаларыма соны пайдаланыңдар деймін. Өзім сырттан маман іздемеймін. Қызым Әдемі әндерімді платформаларға жүктеп, жалақы алады”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол “жұмсақ” ана екенін де жасырмады.

“Ұрыса алмаймын. Себебі өзім ондайды ата-анамнан көрмегенмін. Біз ашық сөйлесеміз. Ұлдарыма да жұмсақпын. Бірақ жұмсақ екен деп балалар құтырып кетпейді, әр нәрсенің орнын біледі, сыйлап тұрады. Қандай да бір сұрақтарды сабырмен сөйлесіп шешеміз”, — дейді ол.