Шетелде демалып жүрген әнші Ерке Есмахан Қазақстанды өзгелер Геннадий Головкин мен Димаш Құдайберген арқылы танитынын айтты. Ол екі отандасымен шетелдіктерге мақтанып жүргенін әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
“Мен сыртқа шыққанда, басқа ұлт өкілдері “мода” көргендей қарап отырады! “Қай елдің қызысың”, – дегенде: “Қазақстан” деймін! Сосын “қай жерде, қайда” деген сұрақтар басталады! Сол кезде “Гена мен Димашиді” айтсам, “а, иә, иә білеміз” деген кезде, ойбой өзінше боп қаласын ғой, шіркін!” – деп жазды Ерке.