«Сіздерді мазалап жүрген сұрақтарға жауап беремін, қарым-қатынастың қалай өрбитінін және т.б. көптеген нәрселерді айтамын», – деп жазды Карина.
Сеанс құны – 5000 теңге. Келушілерге әншінің қолтаңбасы сыйлыққа беріледі екен.
Әншінің айтуынша, оның қызметіне жүгінгісі келетіндер саны көп. Сондықтан да ол қызығушылық танытқандарды алдын ала жазылуды сұрады.