Әнші Маржан Арапбаева Астанада жеке концертін береді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші Маржан Арапбаева Астанада жеке концертін береді

Әнші Маржан Арапбаева Астанада жеке концертін береді

1 наурыз күні Астана қаласының мемлекеттік циркінде әнші Маржан Арапбаеваның жеке концерті өтеді.

  • 28 Ақпан 2011
  • 947
Фото - Caravan.kz

Кеш бағдарламасында әнші көрермендеріне көптеген тосын сыйлар әзірлеп отыр. Солардың арасында Маржан халық алдына алғаш рет домбыра ұстап шығады. Онымен бірге, халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен бірнеше әндерді сыйға тартпақ.

Концертте сондай-ақ, Маржанның жұлдызды әріптестері: Айжан Нұрмағанбетова, «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев, дарынды Еркін Мәулен, «Екі жұлдыз» тележобасындағы жұлдызды жұбы (осы жобаның жеңімпаздары) — Рахман Омаров өнер көрсетеді. Жұлдызды жұп тележобадағы ең жарқын және таңдаулы қойылымдарын көрермендеріне тағы бір паш етеді. Тосын сыйлар бұнымен бітпейді. Маржан Арапбаева алғаш рет өзінің жары әрі продюсері, дарынды режиссер Бақытжан Тәженовпен бірге ән салмақ.

Кештің соңында М. Арапбаеваның жаңа клипінің таныстырылымы болады.

Хит әндерді орындаушы М.Арапбаева өзінің жұлдызды жолын республикалық «Әнші балапан» байқауынан бастады. Ол сондай-ақ «Жас қанат» жас орындаушылар байқауына қатысып, бірнеше мәрте «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің лауреаты атанды. Әншінің еншісінде эстрада саласындағы түрлі марапаттар мен дипломдар бар. Алғашқы жеке концертін 2009 жылы Астана қаласында берді.

Перейти к новостям спорта