Өнер иесі ол ақпараттың жалған екенін айтып, уайымдаған оқырмандарына жазба арнады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бүгін күні бойы мені уайымдап, хабарласып жатқандарыңызға рахмет. Аллаға шүкір, тірімін! Осындай жалған ақпарат таратқандарға дауа жоқ! Аллаға шүкір аман-сау, той тойлатып жүрмін", — деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
Еске салсақ, танымал тұлғаларға қатысты мұндай жалған ақпараттар өзге де әншілерге қатысты тараған болатын.