Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Нұржан Керменбаев кезінде мәдениет министрі Дәурен Абаев пен өнер адамдарының бейресми кездесуі жайлы баяндады.
“Гонорарсыз шықпаймын” деген дүниені қойып қойдым. Ондай нәрселерді ашық айта беру керек деп ойлаймын. Дәурен Абаев мәдениет министрі болып тұрған кезде өнер адамдарын Алматыда жинады. Кездесу бейресми түрде өтті. Камераға түсіріп жүрген мобилографтардан видеоға түсірмеуін өтінді. Ол біздің шешілмей жүрген мәселелерімізді тыңдады. Жиында Азамат Сатыбалды, Мәдина Сәдуақасова, Әли Оқапов, Жеңіс апайларымыз сынды өнер иелері жүрді. Бізді Жеңіс Сейдолла ағамыз шақырды. Негізі Дәурен Абаев – өнер адамдарының проблемаларын көтеріп, бейресми түрде жиын жасаған бірінші министр. Менің: “Әншілерге негізі ақша бөліне ме? Бізге жетпейді” деген сұрағыма ол: “Қалайша? Біз әншілерге ақша бөлеміз ғой” деп таңғалды. Негізі ақша бөлінеді екен, бірақ оны продакшндер өздігінше жұмсайтын көрінеді. Мұнде ешкімді айыптағым келіп отырған жоқ”, – дейді Нұржан Керменбаев.
Әнші қазір телеарналарға шақырту алғанда гонорарын да келісіп алады.
“Маған кейде продюсерлер: “Осындай ақымыз бар, бере аламыз. Келісе аламыз ба?” хабарласады. Сөз жоқ, барамын, қатысамын. Келісе алмасақ, бармаймын”, – деді өнер иесі.
Бұған дейін Нұржан Керменбаев Жанар Хамитоваға не себепті қолдау көрсетпегенін түсіндірген болатын.