Әнші Сәкен Майғазиев алматылық дәрігерлерге бір тонна қымыз таратты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші Сәкен Майғазиев алматылық дәрігерлерге бір тонна қымыз таратты

Әнші Сәкен Майғазиев алматылық дәрігерлерге бір тонна қымыз таратты

Танымал эстрада әншісі коронавируспен күресіп жатқан алматылық дәрігерлерге бір тонна қымыз таратты.

  • 4 Тамыз 2020
  • 497
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әншінің айтуынша, мұндай шараны ұйымдастыруға 22 күн коронавируспен ауырып, айығып шыққан танысы себеп болған. 

"Кәдімгідей уайымдадық. Дәрігерлердің қаншалықты қиындықта, тар жол тайғақта жандарын шүберекке түйіп жүріп жұмыс істегенін көріп, онсыз да әлеуметтік желілерден көріп жүрміз, хабардармыз. Осы орайда дәрігерлерге де бір ынта, күш-қуат берейік деген ниетпен, сосын ауырып жатқан адамдарға да кішкене шипа екенін естіп, ұлттық асымыз, бабадан қалған мұрамыз қымызды әрі дәріптеу мақсатында, әрі дертке дауа ретінде 900 литр, жалпы 1 тонна деп айтуға болады, тараттық. Жалпы COVID-19-ды емдеп жатқан, арнайы мамандандырылған үш ауруханаға бердік.

Барлығы ақ батасын беріп жатыр, дәмін көріп, ризашылығын білдірді. Қымыз дәруменге толы, қаншама дәрінің орнын алмастыра алады. Сондықтан қазаққа тән адал асымызды тараттық", — дейді әнші. 

Сонымен қатар, әнші жақында қазақтың ұлттық сусындарының бірі қымыз сату кәсібін қолға алғанын айтты. Әншінің айтуынша, бұл кәсіпті ашуға барша бауырына деген жанашырлық сезім себеп болған.

"Оның үстіне, қымыз бағасының шарықтап кетуі, науқастарға, дәрігерлерге қолжетімсіз екенін ескере отырып осы идеяны қолға алдық", — дейді Сәкен Майғазиев. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 93 820-ға жетті. Оның ішінде, 69,4 пайыз немесе 65 132 науқас аурудан айыққан. Қайтыс болғандар саны 1091-ге жетті.