Әнші ШаҺизада республика сарайын сотқа бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші ШаҺизада республика сарайын сотқа бермек

Әнші ШаҺизада республика сарайын сотқа бермек

Жуырда ғана жеке ән кешін өткізген ШаҺизада республика сарайы мекемесін сотқа беретінін айтты.

  • 7 Қараша 2016
  • 1803
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz жазады.

Әншінің мекеме ұжымына көңілі толмайды. Себебі концерт барысында техникалық қызметкерлер өз міндеттерін дұрыс атқармаған.

Ән айтып тұрған сәтінде микрофонның даусын өшіріп, үлкен экраннан көрсетілуге тиісті әдемі көріністерді қиып тастаған.

«Республика сарайына кінә тағып отырмын. Сол кісілер өшпейтін жерде әдемі көріністерді өшіріп тастады. Техника жағынан осындай үзілістер көп болды. Шынында да өте қапа болдым. Қанша ақша төленіп отыр, үлкен үміт арттық. Республика сарайы деген киелі сарай. Атына сай жасауы керек қой, бірақ сай тірлік жасалынбады», – деді әнші Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Одан кейін әнші бұл істі осы күйде қалдырмайтынын жеткізді. «Кінәлілер жазалануы тиіс» дейтін әнші мекемеден өтемақы өндіріп алмақ.


«Заңгерлермен ақылдасып, концертімді бұзғаны үшін арнайы келісімшарт бойынша республика сарайын сотқа берейін деп отырмын. Өйткені олай істеуге болмайды», – деп атап өтті ШаҺизада.

Бұдан бөлек, әнші жөндеуден өткен ғимараттың сапасының да сын көтермейтінін айтып қалды.

«Қаншалықты жөндеуден өткізгенін түсінбедім. Жөндеуден өткен республика сарайына таңқалдым. Ішінде бәрі ескі, сырты ғана жылтырап тұрған шығар. Ішіндегі техниканың бәрі Қытайдікі, толған арзан дүниелер», – дейді ол.

Айта кетейік, дәл осындай жағдай «RinGo» тобының да басынан өткен. Топ мүшелері 22 қазанда өткен концерт кезінде бірнеше рет микрофонның қосылмай қалғанын айтып шағымданды.