Әнші Стас Михайлов НТВ телеарнасын сотқа берді
Әнші Стас Михайлов НТВ телеарнасын сотқа берді. Ол «Центральное телевидение» телеарнасында өз бейнесін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін телеарнадан 10 млн рубль талап етіп отыр. |
«С.Михайловтан НТВ телеарнасына қатысты шағым келіп түсті. Онда шағымданушы «Центральное телевидение» бағдарламасында өз бейнесінің рұқсатсыз пайдаланылғанын айтыпты», - деп хабарлайды Пресненск сотының баспасөз қызметі.
Бұл іске қатысты сот отырыстарының қашан басталатын әзірге белгісіз.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін