Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ораз Әлімбековтің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Зардап шегіп жаққан өңірлерге барған әншілердің қатарында Райм, Мирас, продюсер Гүлзира Айдарбековалар бар. Гүлзира Айдарбекова қапқа құм салып жатқан видеосы да тарады.
«Суға батқандарға «ақалай-мақалай» емес, жан басына 100 мың теңгеден беру керек
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға Мәжілістің депутаттары, эстраданың танымал әншілері барыпты. Солардың аузы көпіріп айтқан қыртымбай әңгімесі үй-жайы, мал-мүлкі су астында қалған халыққа керек пе?! Резіңкі етік киіп алып ары-бері камераның алдында кердеңдеп жүрген депутат пен әнші жаны күйзеліп жатқан халыққа қызық па? Олардан үйсіз-күйсіз далада қаңғып қалған қазаққа не пайда?!! Қайта су тасқынынан зардап шеккен өңірге зиян келтіріп жатыр депутаттар мен әншілер – олар қымбат ұшақпен ұшады, «бізді жамандап кетпесін» деп әкімдер бәйек болып, қонақүйге орналастырып, халқын ұмытып бекерге ары-бері шапқылайды. Мысалы, Ринат Заитов, Еділ Жаңбыршин, Мақсат Толықбай, Нартай Аралбайұлы… дегендер қалтасынан ақша шығарып, зардап шеккен халық теңге таратып беріп пе?! Суға малтыққан халыққа айтатын сөзі болса, депуттаттар мен әншілер Астана мен Алматыда отырып-ақ онлайн айта бермей ме?! Одан гөрі депутаттар мен әншілердің жолкүре, қонақүй және ішім-жем шығынына кеткен ақашаны 20 мың теңгеден болса да, үйсіз-күйсіз халыққа таратып бермеді ме?
Алашапқын болып гуманитарлық көмек – киім-кешек, азық-түлік тасығанды да доғару керек. Тасқын судан зардап шеккен халық аштан өлейін деп жатқан жоқ, олар жан-жақтан жиналған ескі-құсқы, арзанқол киімге де зәру емес. Күшті жанашыр болсаңдар, қорға жиналған қаржыдан тасқын судан зардап шеккен әрбір үйдің жан басына 100 мың теңгеден берсеңдер, бір сәт болса да көңілі жайланады ғой бейшаралардың – олар сол ақшаға өзіне ұнайтын тамақ, киім сатып алады… Ондай ақша бар. Мысалы, «Самұрық-Қазына» – 15 млрд, «Қазақстан халықына» қоры – 5 млрд, Қазатомөнеркәсіп– 3 млрд, Теңізшевройл -2 млрд, Chevron – 1,3 млрд, Халық банкі -1 миллиард, Freedom holding -корпорациясының иесі Тимур Турлов – 1 миллиард теңге, Kazminearls және Қазақмыс – 800 млн, Болат Өтемұратов- 680 млн, Kaspi банкі – 620 млн, ERG – 400 млн, теңге… аударды. Осы ақшаны қамкөңіл халыққа таратып бермей кім астына басып отыр?
Менің ойымша, тасқын судан зардап шеккен халық үшін жиналған ақша 20 млрд теңгеден асып кетті. Мысалы, Құлсарыдан 40 мыңға жуық адам көшірілді дейік. 40 мың х 100 мың теңге = 4 млрд-ақ теңге кетеді екен. Басқа өңірлердегі үйсіз-күйсіз жүргендерге де осындай көмекті тездетіп беру керек. Әйтпесе, «мал ашу – жан ашу» деген ғой атам қазақ.», деп жазды.
«Апаттан абырой жинағыштар қаптап кетті», «Қызық көру үшін келіп жүрген сияқты», «Өте дұрыс пікір. Әсіресе әншілер мен депутаттар туралы жері дәл айтылған», деп оқырмандар қолдау білдірді.