Әншілер жүрек жылуын жетімдерге арнамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 510.58
  • 571.8
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әншілер жүрек жылуын жетімдерге арнамақ

Әншілер жүрек жылуын жетімдерге арнамақ

Оңтүстік астанада 13 қараша күні барлық балалар үйінен келген бүлдіршіндерге арналған «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық мерекелік іс-шарасы өтеді.

  • 13 Қараша 2012
  • 574
Фото - Caravan.kz



Қайырымдылық шарасын Алматы қаласы әкімдігі, «Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясы, «Зодиак» продюсерлік орталығы, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті және Тұран университеті бірлесіп ұйымдастырып отыр. Айтулы шараға Мақпал Жүнісова, Жолбарыс Сейфуллин, Ақылбек Жеменей, Меруерт Түсіпбаева, Ақбота Керімбекова, Саят Медеуов, Еркін Құдайбергенов, Бүркіт, Шахизада, Парвиз Назаров сынды жұлдыздар қатысады.

Статитикалық деректерге сүйенсек, елімізде 36 777 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар екен. Оның 17 486-сы 205 мекемеде тәрбиеленуде. Олардың 2134-і — денсаулық сақтау жүйесінің 26 балалар үйінде, 1249-ы — халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 19 мүгедек балалар үйінде, 14 103-і — білім беру жүйесінің 160 ұйымында тәрбиеленуде.