«Әншінің абыройына нұқсан келеді»: Фонограмма туралы жаңа ережені әншілердің өздері қалай қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әншінің абыройына нұқсан келеді»: Фонограмма туралы жаңа ережені әншілердің өздері қалай қабылдады

«Әншінің абыройына нұқсан келеді»: Фонограмма туралы жаңа ережені әншілердің өздері қалай қабылдады

Мәдениет саласына арналған жаңа заң жобасында әншілерді дөрекі мінез көрсеткені үшін жауапқа тарту қарастырылған. Бұған қоса әрбір өнер иесі фонограммамен ән айтатынын ескертуі тиіс. Бүгін мәжілісте аталған заң жобасы бір ауыздан мақұлданды.

  • 16 Қыркүйек 2020
  • 512
Фото - Caravan.kz

"Барлық жарнамалық өнімде және кассалар жанында міндетті түрде концерт фонограммамен өтетіні туралы хабарлама болады. Тыңдарманға фонограммамен өтетін концертке билет сатып алу немесе бас тартуға мүмкіндік беріледі. Мұндай концерт билетінің құны да төмен болады", — деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова парламент мәжілісінің жалпы отырысында.

Алайда жаңа заң жобасына әншілердің көзқарасы қандай?!

Caravan.kz медиа-порталы жаңа ережелерге қатысты әншілердің пікірін біліп көрді.

Жігер Ауыпбаев: "Біріншіден жарнамаға ешқандай әнші фонограммада өтеді деп айтпайды. Өйткені әншінің абыройына нұқсан келеді. Егер толық тоқтатылсын десе әрбір концертте арнайы адам тағайындап сол кешті жіті бақылып, жанды дауыста өткенін қадағалап отыру қажет. Мысалы: 2014 жылдары Қытайға концертке бардық, сол кеште міндетті түрде екі адам келіп отырады. Калонкалардың алдына отырып тексереді, микрофонмен сөйлеп көреді. Егер жанды дауыс еместігін білсе штраф салады. Сол кезде мен қандай керемет! Бізге осы заң қашан барады екен деп армандап кеткен болатынмын. Сол себепті фонограмманы бірден толық алып тастау керек деп ойлаймын. Халық сыншы ғой қазір жарнамада жанды дауыс деп бірақ кешінде фонограммамен айтып тұрса бірден тұрып кетуге құқықтары бар. Тіпті өз ақшаларын сұрауға да құқылы. Өйткені әншінің жасап тұрғаны дұрыс емес. Ол тауып жатқан наны адал емес деп есептеймін. Мысалы: мен ЕКІ ЖҰЛДЫЗ жобасына қатыстым. Ол жерде минусовкамен айтатын шығарсың бірақ фонограммаға жол жоқ. Қандай күшті бағдарлама. Өзіңнің өнер адамы екендігіңді сезінесің, өзіңе құрметпен қарайсың. 2019 жылдан бастап жеке ән сапарымды бастадым. Карантинге дейін 3-4 қалаға беріп үлгердім. Міне содан кейін мен той болсын, концерт болсын фонограмма айтуға арым жібермейді. Маған салса фонограмманы толық алып тастап, фонограммамен айтқан әншіге штраф салса, сол сәттен бастап ретке келеді деп ойлаймын"

Гүлмира Ізбасханова:
"Жанды дауыста айтатын әншілер де бар, фонограммамен айтатын әншілер бар. Неге фонограммамен айтады, өйткені кез-келген жерде аппаратураның күші жетпейді. Микрофон дұрыс болса бір жері дұрыс емес болып тұрады.Түбіне келгенде дұрыс айта алмайсың. Сол себепті мүмкіншілік жасалса болды. Адамдар әншіні сүйіп тұрған соң концертіне бәрібір барады."

Айгерім Мамырова: "Фонограммасыз ән айтуды қолдаймын. Алайда бізде көбінесе аппаратураның жетіспеушілігі әншіні құртады. Өйткені қанша жерден жанды дауыста ән айтып тұрсаңда, микрофоның немесе калонкаң дұрыс емес болса бәрібір жеткізе алмайсың. Ал біздің елде құрал-жабдықтарымыз мықты болып тұрса, кез-келген жерде жанды дауыста айтуға мүмкіншілік болса мен қос қолдап тұрып фонограммасыз ән айтуды қолдаймын"