Ант қабылдап та үлгермеген жас сарбаз биік қабаттан секіріп өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ант қабылдап та үлгермеген жас сарбаз биік қабаттан секіріп өлді

Ант қабылдап та үлгермеген жас сарбаз биік қабаттан секіріп өлді

Қазақстанның қарулы күштерінде тағы да қайғылы оқиға. Талдықорғандағы №786-39 әскери бөліміне шақыртылған қарағандылық жігіт емхананның төртінші қабатынан секіріп мерт болды. Әскери бөлім басшылары  сарбаз «өз-өзіне қол салды»дейді. Бірақ марқұмның туыстары бұл уәжбен келіспей отыр.

  • 7 Маусым 2011
  • 528
Фото - Caravan.kz


21 жасар Александр Иванов Талдықорғандағы  әскери бөлімде небәрі бес күн ғана болды. Қыршын кеткен жас ант қабылдап та үлгермеген. Әскери бөлім басшыларының сөзіне сенсек, сарбаз келген бойда Отан алдындағы борышымды өтеуден бас тартамын деп  айтқан. Ал бөлім командирі жас жігітпен әңгімелеспек боп кабинетіне шақырғанда, ол үстел үстіндегі алмаспен өз қолын тілгілеп тастаған. Сол жерден дереу ауруханаға жеткізіліпті. Алайда кейін медициналық мекеменің төртінші қабатынан  секіріп мерт болды. Мұны әскери басшылар суицид деп қабылдап,істі жылы жауып қоя салған. Оған дәлел ретіндемарқұмның өз қолымен жазған екі хатын ұсынып отыр. Онда сарбаз: «Ақыл-есім дұрыс емес, Отан алдындағы борышымды өтегім келмейді, үйіме жібермесеңдер,өзіме қол саламын» -деп жазылған. Дегенмен Бас әскери прокуратура сарбаз өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады; өз істеріне салғырт қараған деген бап бойынша. 

Соңғы жаңалықтар