Анталияда Түркітілдес елдер мәдениет министрлері Тұрақты Кеңесінің кезекті XXVIII мәжілісі болып өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анталияда Түркітілдес елдер мәдениет министрлері Тұрақты Кеңесінің кезекті XXVIII мәжілісі болып өтеді

Анталияда Түркітілдес елдер мәдениет министрлері Тұрақты Кеңесінің кезекті XXVIII мәжілісі болып өтеді

Анталияда ағымдағы жылдың 24-25 қараша аралығында Түркітілдес елдер мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінің кезекті XXVIII мәжілісі болады.

  • 23 Қараша 2010
  • 543
Фото - Caravan.kz

Бұл алқалы жиынға Түркия Мәдениет және туризм министрі, ТҮРКІСОЙ-дың уақытша үйлестірушісі — Эртугрул Гюнай, ТҮРКІСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және ТҮРКІСОЙ-ға мүше мемлекеттерінің мәдениет министрлері қатысады.

ТҮРКІСОЙ Тұрақты Кеңесінің XXVIII отырысының күн тәртібінде: өткен кезендерге Ұйымның атқарған қызметтік есеп беру, қаржылай қызметтік есеп беру, Түркітілдес мемлекет басшыларының Х саммитінің шешімі, Түркітілдес мемлекеттердің егемендік жариялауының 20 жылдығы аясында 2011 жылы Түрікменстанның астанасы Ашхабадта «Мәдениет фестивалін» өткізу, ЮНЕСКО ісі бойынша комитеттер ТҮРКІСОЙ-ға мүше мемлекеттердің және ұлттық комиссия өкілдері мәжілісінің декларациясы, «Ахмет-Заки Валиди Тоған» жылына арнап өткізілген іс-шараларына есеп беру, ТҮРКІСОЙ-дың «2011- Ғабдулла Тоқай жылын» жариялауына байланысты жоспарлық тойлау шараларының жобасы, Нью-Йорк қаласының БҰҰ штаб-пәтерінде «Наурыз-2011» мерекелік шараларды өткізу жобасы сияқты мәселелер қарастырылады деп күтілуде.
Сондай-ақ ТҮРКІСОЙ ұйымының уақытша үйлестірушісі сайланып, кезекті XXIX мәжілісінің уақыты мен орны белгіленетін болады.
Сонымен қатар, Жерорта теңіздік университетінің «OLBİA» көрме залында ТҮРКІСОЙ-дың XIII суретшілер шығармашылық зертханасының ашылуы мен салтанатты марапаттау рәсімдері өткізіліп, ТҮРКІСОЙ Жастар камералық оркестрі концерт береді деп жоспарланып отыр.