Анталияда жойқын жарылыс болды; зардап шеккендер бар - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анталияда жойқын жарылыс болды; зардап шеккендер бар

Анталияда жойқын жарылыс болды; зардап шеккендер бар

АЛМАТЫ. 29 тамыз . Kazakhstan Today. Түркияның Анталия қаласында кеше жергілікті уақыт бойынша шамамен 16 сағат 45 минутта жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Ресейдің "Новости" ақпарат агенттігінің ақпарат көзі - Ресейдің бас консулы Сергей Алифановқа сілтеме жасап.

  • 29 Тамыз 2006
  • 435
Фото - Caravan.kz

Алдын ала мәліметке қарағанда, жарылыс салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, 15 адам жарақаттанды.

С. Алифановтың хабарлауынша, оқыс оқиға тіркелген аудан қара, қою түтінге оранған. Полиция қызметкерлерінің болжауынша, жарылғыш зат нан өнімдері сатылатын дүкенде болған.

Осыған дейін хабарланғандай, дүйсенбіге қараған түні Түркияда бірнеше жарылыс тіркелген: бірі- Стамбулда, үшеуі- Мармарис курортында. Үш бірдей жарылыстың салдарынан Мармаристе 21 адам зардап шекті.

Перейти к новостям спорта