Кеше ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанған Светлана Подобедова Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осылай айтты.
Түркияда өткен әлем чемпионатында 63 келі және 75 келі салмақтарда сынға түскен қазақстандық ауыр атлеттер Мая Манеза мен Светлана Подобедова әлем рекордтарын жаңартумен қатар, осымен екінші рет әлем чемпиондары атанды.
«Жарыста 2 ресейлік спортшымен тайталасу қиынға түсті. Алайда, бұл жарыста өзімнің жеңіп шығатыныма сенімді болдым. Спорттық ғұмыр мұнымен шектеліп қалмайды. Енді алдағы Азия ойындарына дайындаламын», дейді С. Подобедова.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы осы әлем чемпионатындағы ең үздік зілтемірші атанған болатын. Қазақстанның ауыр атлетикадан әйелдер құрамасы былтырғы чемпионатта екінші орынға тұрақтаған болатын. Биыл да сол жетістігін қайталап, жалпы есепте Қытайдан кейін екінші орынды иеленді.