«Антигептил» қозғалысы Астанада «Протон» зымырандарын ұшыруға қарсы наразылық шарасын өткізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Антигептил» қозғалысы Астанада «Протон» зымырандарын ұшыруға қарсы наразылық шарасын өткізбек

«Антигептил» қозғалысы Астанада «Протон» зымырандарын ұшыруға қарсы наразылық шарасын өткізбек

«Антигептил» қозғалысының белсенділері 19-қазанда Ресейдің «Протон» зымырандарын Байқоңырдан ұшыруға қарсы наразылық шарасын ұйымдастырмақ.
           «Біз әкімдікке 19-қазан күні митинг өткізу туралы өтініш дайындап қойдық, бүгін апарып өткіземіз», - деп бейсенбідегі баспасөз мәслихатында қозғалыс мүшесі Асхат Рақымжанов мәлім етті.
           Оның айтуынша, белсенділер «өкілетті органдар өкілдерінің аталған митингке қатысып, «қоғамда гептилмен ұшатын зымырандарға, АЭС құрылысына, Ядролық отын банкіне қатысты туындаған сұрақтарға көкейге қонарлық жауап бергенін» қалайды.
           Өз кезегінде «Демократия және адам құқықтары институты» қоғамдық бірлестігінің директоры Болатбек Біләлов митингтің рұқсат берілсе де, берілмесе де өтетінін атап өтті.
           Оның айтуынша, рұқсат берілмеген жағдайда қозғалыс мүшелері наразылық шарасын қала әкімдігінің алдында өткізбек.
           Сонымен қатар, олар Ішкі істер министрі мен Бас прокурордың атына депутаттарға «Протон» ұшырылымдарына қатысты наразылық хатын тапсыра алмауына байланысты хат жазған көрінеді.
           «30-қыркүйекте 10 адам гептилмен жүретін зымырандарды ұшыруға, АЭС-сын салуға және Ядролық отын банкін құруға тыйым салуды, сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы әскери полигондарды жабуды талап еткен хатты парламент депутаттарына тапсыруға әрекеттенді. Бірақ, оларды жолда ұстап алған құқық қорғау органдары қызметкерлері парламентке кіргізбеді. Сөйтіп, 200-ден астам адамның қолы қойылған хат депутаттардың қолына тимей қалды», - делінген хабарламада.
           Бүгінгі баспасөз мәслихатына қатысушылар сары түсті қорғаныс костюмдерін киіп алған.

  • 3 Қазан 2013
  • 551
Фото - Caravan.kz


Суреттің авторы: Санат Орын Әли