Антикор өкілдері "Алматыэлектротранс" басшысына қатысты істің мән-жайын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 509.26
  • 574.75
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Антикор өкілдері "Алматыэлектротранс" басшысына қатысты істің мән-жайын айтты

Антикор өкілдері "Алматыэлектротранс" басшысына қатысты істің мән-жайын айтты

Бұрын жасалған келісімдер бойынша ақша аударғанын әшкерелеген.

  • 10 Қазан 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері "АлматыЭлектроТранс" ЖШС бас директоры Бекмырза Игенбердиновке қатысты тергеудің егжей-тегжейін айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Агенттік мәліметінше, ведомствоның Алматы бойынша департаменті Игенбердиновтің кәсіпкерлік субъектісі өкілінен 150 мың доллар көлемінде пара алғанын, атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып, бұрын жасалған келісімдер бойынша ақша аударғанын әшкерелеген.

30 қыркүйекте оған қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.


Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі 30 қыркүйекте Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Игенбердиновке қатысты екі айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау туралы өтінішті қанағаттандырғанын растады.

Еске салайық, бұған дейін "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры жұмыстан босатылғаны туралы хабарланған болатын.