"Анық-қанығына жетпей жатып, жала жабылмаса екен": Қамауға алынған Перизат Қайраттың жан құрбысы оқиғаға қатысты бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Анық-қанығына жетпей жатып, жала жабылмаса екен": Қамауға алынған Перизат Қайраттың жан құрбысы оқиғаға қатысты бар шындықты айтты

"Анық-қанығына жетпей жатып, жала жабылмаса екен": Қамауға алынған Перизат Қайраттың жан құрбысы оқиғаға қатысты бар шындықты айтты

"Біз біргеміз" қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат cу тасқыны кезінде халықтан жиналған 1,5 млрд теңге қаржы жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

  • 15 Қараша
  • 121
Instagram/Перизат Қайрат

Оның жан құрбысы желіде істің ақ-қарасына қатысты өз шындығын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Осы постты оқып отырған әрбіріңізге құрбымыз Перизатқа қатысты айтарымыз бар.

Перизатты 10 жылдан аса уақыт танимыз, қайырымдылық қорынан бөлек оның отбасылық жеке бірнеше кәсіптері бар. Ол қайырымдылық жолына өзінің ауыр апаттан аман қалып, әлемге пайдалы болғым келеді деген ниетімен келгенін білеміз. Құрбы дос ретінде, ақкөңіл, әрдайым әділдікті аңсайтын жан. Әлі толық дәлелдер шықпай, анық қанығына жетпей жатып, үкім шығаруға асықпайық.

Ақ адал еңбегімен тірлік етіп, халқына қайырымдылық жасауға бар күш-жігерін жұмсап, маңдай терін төгіп жүрген құрбымыз Перизат Қайратқа жала жабылмаса екен дейміз.

Алдына табанды мақсат қойып, шетелде білім алып, ел қатарлы кәсіппен айналысқан оның өмір және еңбек жолы тартысқа толы болғанына қарамастан, ол қиындықтың барлығын ерік-жігерімен жеңіп, қатарының алды болып жүрген жалынды жастардың бірі! Біз озық ойлы, еріктілердің басын қосып, еліне қызмет етіп жүрген Перизаттың жазасыз жапа шекпей, ақталып шығарына сенеміз!», — деп жазды ол.