ҚР СІМ баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасына сәйкес, Нью-Йоркте сыртқы істер министрлері кеңесін өткізу мүмкіндігі ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың АӨСШК атқарушы директоры Чинар Алдемирмен кездесуі барысында қаралды.
Кеңестің қазіргі қызметіне тоқтала отырып тараптар қазіргі төраға — Түркияның АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесін биыл күзде Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының кезекті отырысы кезінде шақыру туралы ұсынысын қарастырды”, — делінген хабарламада.