"Апарып соғыстырады": Ресей қазақтарды жоғары жалақымен Украина қаласына жұмысқа шақыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Апарып соғыстырады": Ресей қазақтарды жоғары жалақымен Украина қаласына жұмысқа шақыруда

"Апарып соғыстырады": Ресей қазақтарды жоғары жалақымен Украина қаласына жұмысқа шақыруда

Қазақстандық сайтта Ресейге вахталық жұмысқа шақырған хабарландырулар ілінген. Жалақысы кісі қызықтырарлық.

  • 16 Қаңтар 2023
  • 77
Фото - Caravan.kz

Дегенімен, желі қолданушысы жұмысқа деп шақырғанымен, "Қазақтарды Украинаға алып барып соғыстырады" деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Қостанайда Кнопка.кз деген сайт ҚР азаматтарын орыстар басып алған Украинадағы Мариуполь қаласына жұмысқа шақырып жатыр. Қазақтарды сол жаққа алып барып соғыстырады деп ойлаймын. Орыстар бармайды. Сондықтан, ҚР азаматтарын алып жатыр екен. Бас прокуратура әрине мұндайға қылмыстық іс қозғамайды. Абзал Құспан, Арман Шораев, Мұхтар Тайжан тағы ұлтшыл деп санайтын кім бар? Соларға үндеуім, неге үндемей қалдыңдар? Тоқаевтың қолынан ұстатыңдар қарсы бірдеңе айтуға "духтарың" жете ме? Күтемін, "типа ұлтшылдар". Сотқа бересіңдер ме Кнопка.кз сайтын? Жарайды Ресейді, орыстарды қолдайтындар барсын. Еліміз тазарар сондай сатқындардан. Солар барсын. Барып Украинаның жауынгерлерінен, ажалын сол жерден табады. Бірақ, ақшадан қысылып жатқан, несиесін жаба алмай жүрген, саясаттан хабары жоқ қарапайым ел түсіп қалса, оларға обал болады", — деген автор.

Хабарландырудан "Мариуполяны қалпына келтіру/Ресейге вахталық жұмыс" деп көрсетілгендігін, айлық 900 000 теңге екенін байқауға болады.


Еске салайық, бұған дейін Украинада тұтқынға түскен қазақ азаматы туралы жазған болатынбыз. Видеода көрсетілгендей Украинаға қарсы соғысуға келген бірнеше азаматтардың ұсталғаны белгілі болды. Видеода украиналық солдат "сен бурятсың ба", — деп сұрақ қояды. Тұтқынға алынған азамат "қазақпын" деп жауап береді. Жанында тұрған украиналық солдат "қарғыс атқыр, Қазақстаннан келдің бе?", — деп оны таяқтың астына алады.