Жарияланды: 380

Апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағына қатысты тергеу кемі бір айсыз бітпейді

Алматы облысында апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағына қатысты тергеу әлі күн аяқталар емес. Апат салдарын нақты анықтау үшін әлі кемі 1 ай уақыт керек. Қазір “қара жәшік” алынып ондағы жазбалар ресейлік мамандар оқуда. Және тікұшақтың иесі ретінде тіркелген “Евра-Азия-Эйр” компаниясының Жезқазан қаласындағы бөлімшесіне МИ-8-ден қалған қалдықтар жеткізіліпті. Апаттан қалған сол темір-терсектерді Новосібірдегі авиациялық зауыттан келген мамандар жіті тексермек.

Естеріңізде болса, МИ-8 тікұшағы Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын әуеден бақылау үшін 24 қараша күні көкке көтерілген еді. Алайда арада аз уақыт өткенде тікұшақпен арадағы байланыс үзілген. Әуе көлігінің қалдықтары тек 5 тәуліктен соң Қытаймен шекаралас аумақтан табылды. Бортындағы экипаждың 5 мүшесі мен “Қазтрансойл” компаниясының 3 қызметкері түгел апат орнында көз жұмған. Марқұмдардың әрқайсысының отбасына енді 3 миллион теңгеден өтемақы төленбек. Оны “Евро-Азия Эйр” компаниясы өз мойнына алып отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін