Апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының «қара жәшігін» ресейліктер тексермек - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының «қара жәшігін» ресейліктер тексермек

Апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының «қара жәшігін» ресейліктер тексермек

Алматы облысында апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының «қара жәшігін» ресейліктер тексермек. 7 күн бойы Алматыдағы арнайы техникалық орталықта «қара жәшіктегі» мәліметті оқымақ болған отандық мамандар ақыры нәтиже шығара алмапты. Сондықтан Ресейдің мемлекетаралық әуе комитетінің ғылыми-техникалық орталығындағы зертханаға жіберілген.   

  • 7 Желтоқсан 2012
  • 284
Фото - Caravan.kz


Енді осында өздігінен жазып отыратын құралдағы жазулар арқылы тікұшақтың қалай жұмыс істегенін, экипаж командирінің аэронавигациялық қызметпен байланысы болған-болмағанын, тіпті борттағы адамдар бір-бірімен не сөйлескеніне дейін анықтамақ. Зерттеу нәтижесі 10 күн ішінде белгілі болады деп күтілуде. Естеріңізге салсақ, МИ-8 тікұшағы 24-інші қараша күні Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын әуеден бақылауға шығып, Алакөл ауданында ізім-ғайым жоғалған болатын. Іздестіру тобы оның қалдықтарын тек 5 тәуліктен кейін тапты. Әуе көлігінің бортындағы 8 адам түгел қаза тапқан.